СҚО-да коммерциялық ұйым басшысы Ұлттық қордан бөлінген ақшаны жымқырды деп күдікке ілінді
Солтүстік Қазақстан облысында коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
“Ол ұлттық қордан 840 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Бұл ақша жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген екен”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, үкімет ұлттық қордан қазіргі деңгейде үлкен көлемде қаражат алуды жалғастыра берсе, 2035 жылға қарай қордағы ақша таусылуы мүмкін екені айтылды.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"