СҚО-да ішінде 25 жолаушысы бар автобус аударылған
Солтүстік Қазақстан облысында 25 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырап, бір адам жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Автобус Петропавл - Имантау тас жолында аударылған. 52 жастағы жүргізуші көктайғақтың кесірінен тізгінге ие бола алмай қалыпты. Автобустағы 25 адамның біреуі зардап шеккен. Ол Қызылжар ауруханасына жеткізілді. Ал автобусты тәртіп сақшылары арнайы техникамен сүйреп шығарды. Қазір тас жол көк мұзға айналған. Себебі Солтүстікте 40 градусқа дейін аяз болып, күн күрт жылынып, жолда жүру қиындаған.
“Ауа райы күрт өзгеріп, қатты боран соғып, тайғанақ күтілуде. Осыған байланысты жүргізушілерді жолда мұқият болуын сұраймыз. Яғни өздеріңізбен бірге жылы киім және алғашқы көмек көрсететін заттарды бірге алып жүрулеріңізді сұраймыз”, – деді СҚО ПД баспасөз хатшысы Малина Ерғалиева.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен