СҚО-да бұқа ер адамды сүзіп өлтірді
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында симментал бұқасы балық аулап отырған 67 жастағы балықшыға шабуылдап, өлтіріп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция басқармасына сілтеме жасап.

Біршама уақытқа кетіп қалған бақташы қайтып келгеннен кейін жаралы балықшыны анықтайды. Көптеген жарақат алған ауыл тұрғыны аудандық ауруханада қайтыс болды.
Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері тексерістер жүргізіп, сараптамалар тағайындады, мақсаты – оқиғаның қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп, жоққа шығару.
“Ақжар ауданындағы оқиға қараусыз жүрген малдың қауіп төндіретінін тағы да көрсетіп отыр. Бақташы денсаулыққа зиян келтіруге әкеліп соқтырған, мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы 2-бөлігі бойынша жазаланды”, – деп атап өтті СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі