СҚО аумағындағы көлдердің бірінде балықтар жаппай қырылып қалды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Питное көлінде жүз келіге жуық балық қырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыстық экология департаментінің мәліметінше, оқиға орнына Есіл балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының, СҚО және Жамбыл ауданы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері шықты.
"Көлдің жағалау сызығына тексеру жүргізілді. Көзбен шолып тексеру барысында шамамен 100 келі алабұға мен мөңке балықтарының қырылғаны анықталды. Су сынамалары мен балық өлекселері зертханалық талдауға алынды", - деп хабарлады департамент.
Питное көлі қарайтын Кладбинка ауылдық округінің әкімдігі қырылған балықты жинап, жою жұмысын ұйымдастырды.
Балықтың жаппай қырылу себебі барлық қажетті сынақтар жүргізілгеннен кейін белгілі болады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі