Склярға отставка кетуді ұсынамын – Мәжіліс депутаттығына кандидат
Мәжіліс депутаттығына кандидат Айбек Барысов премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға қызметінен кетуді ұсынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Барысовтың айтуынша, еліміздің энергия жүйесіндегі жүйелік проблемасына белгілі тұлғалар кінәлі.
"Қазір Екібастұздағы кезекті апатты көріп отырмыз. Проблема жүйелі түрде жалғасуда және оған нақты адамдар, оның ішінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Скляр мырза. Ол барған жерде Қазақстанда үнемі проблемалар туындайды. Үкіметтегі қатысы бар адамдарға, ең алдымен, Склярға отставкаға кетуді ұсынамын", – деді Барысов.
Екібастұз ЖЭО-да бір күн бұрын апат болды. Адамдар электр жылытқыштарымен жылытып, бір күннен артық жылусыз отырды. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қазір жағдай тұрақталды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда