Сыртқы істер министрлігі Тайвандағы сайлауға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады
Сыртқы істер министрлігі Тайвандағы сайлау нәтижелеріне қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай екенін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, ел "бір Қытай" қағидатын ұстанады.
"Тайванда өткен сайлауға байланысты Қазақстан "бір Қытай" қағидатын қолдайтынын және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайдың атынан қызмет ететін бірден-бір заңды үкімет екенін, ал Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі екенін қуаттайды", – деді СІМ.
Сонымен қатар ведомство Қазақстанның ҚХР-ның елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдайтынын хабарлады.
Еске салайық, Тайвандағы президент сайлауында Қытайдан алшақтап, АҚШ-пен байланыс орнатуды ұсынған кандидат жеңіске жетті. Ол жеңіске жеткен соң АҚШ-пен бірге жұмыс істейтінін айтты
"Енді қарызға той, туған күн жасамайды": Несие беру талаптарының қатаңдауы қазақстандықтарға қалай әсер етеді
Экономист: “Енді несиеге той, туған күн жасалмайды: Басты қауіп – ломбард пен пайыздық қарыз”
Көп босану ағзаға қалай әсер етеді: Мамандар көпбалалы ана болудың салдарын түсіндірді
Мамандар көп босану ағзаға қалай әсер ететінін айтты