Сыртқы істер мен Қорғаныс министрлері өз лауазымдарын сақтап қалды
Мемлекет басшысы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі мен қорғаныс министрін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі етіп Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуді тағайындады.
Ал Руслан Фатихұлы Жақсылықов президент жарлығымен ҚР қорғаныс министрі лауазымын атқарады.
Екеуі де өз орнын сақтап қалды.
Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген. И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1987 жыл), М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1996 жыл), Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын (2004 жыл) бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы: генерал-полковник (2022 жыл).
- 1987–1988 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі.
- 1988–1989жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі барлау взводының командирі.
- 1989–1992жж. – Түркістан әскери округі мотоатқыштар полкі барлау ротасының командирі.
- 1992–1993жж. – барлау мотоатқыштар полкінің бастығы.
- 1996ж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гвардиялық оқу-жаттығу орталығының барлау бастығы.
- 1996–1997жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының штаб бастығы.
- 1997–1998жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің полк командирі.
- 1998–2000жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері жедел тағайындау полкінің командирі.
- 2000–2004жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерді жедел тағайындау бригадасының командирі.
- 2004–2006 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының командирі.
- 2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.
- 2007–2008жж. – қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас штабының бастығы.
- 2008–2013 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысы.
- 2013–2014 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.
- 2014–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.
- 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.
- 2022 жылғы 19 қаңтардан қайта тағайындалғанға дейін – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
- 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
- 1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.
- 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
- 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
- 2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
- 2007 жылы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.
- 2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.
- 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
- 2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
- 2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
- 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
- 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
- 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
- 2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
- 2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
- 2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
- 2023 жылғы 3 сәуірден қайта тағайындалғанға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.
Еске сала кетейік, Олжас Бектенов Қазақстанның 12-премьер-министрі болып тағайындалды.
Бектеновтің кандидатурасын 69 мәжілісмен қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды.