Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыртқа шығарып тастадым": Дина Төреәліге 1001 розаны кім жібергені белгілі болды

Танымал блогер, Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі 1001 раушан гүлін жіберген адамның кім екенін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Дина Төреәліге 1001 раушан гүлін жіберген адам оның күйеуіне ұнамаған еді. Алайда ертеңіне оны кездесуге мейрамханаға шақырған. Блогер сыйлықты жіберген жанның кім екенін білу үшін белгіленген жерге арнайы барды. 

“Кеше сіздерді де, үйдегілерімді де шулатқан 1001 роза. Бүгін стористе “тәуекел” деп кім екенін нақты білмесем де, кездесуге шықтым. Стористе бақылаңыздар. Өзіме де қызық боп жатыр”, – деген еді блогер. 



Одан кейін кездесу орнына барғанда оны психолог құрбысы Айя Әжібек күтіп алды. 

“Үш рет кездесуінен қалып қойған едім. Өзі арнайы осындай тосынсый дайындапты. Әр кездесуден кейін ерекше сезім болады. Негізі ойлағаным дұрыс болды. Гүл келіп жатқанда оған да жаздым. Ол жауап бермеді. Керемет кездесу өтті. Бірақ таң атпай гүлдерді шығарып тастадым. Ерманби түнімен жылап шықты. Өзімнің де мазам болмады”, – деп жазды блогер ару. 

Еске салайық, Дина Төреәліге келген гүлді күйеуі қабылдамаған еді. 

Талқылау