Сириялық оппозиция әйелдерді хиджаб киюге мәжбүрлеуге тыйым салды – БАҚ
Сириядағы қарулы оппозицияның қолбасшылығы әйелдердің еркін киіну құқығын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Al-Watan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: glagol.press
Басылым мәліметінше, жаңа билік әйелдердің сыртқы келбетіне қатысты шағым айтпауды сұрады.
“Сирия оппозициясының жоғары қолбасшылығы әйелдерді белгілі бір киім киюге мәжбүрлеуге немесе олардың киім таңдау құқығына қандай да бір жолмен араласуға үзілді-кесілді тыйым салатынын айтты”, – делінген басылым хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.
8 желтоқтанда Асадтың президент қызметінен кеткені және Сириядан шыққаны туралы алғашқы ресми мәлімдемені Ресей Сыртқы істер министрлігі жариялады. Алайда сол кезде Ресейдің сыртқы істер министрлігі Асадтың қай жерде екені туралы ешқандай мәлімет бермеген. Кейінірек ресейлік БАҚ Кремльдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей Асадқа және оның жақындарына "гуманитарлық мақсаттарды ескере отырып" баспана бергенін хабарлады.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті