Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сырымды көру үшін Қайрат Нұртастың концертіне баратын едік": Сахнадан көрінбей кеткен Сырым Исабаев ел алдына шықты

Кезінде талай хит әндерді орындаған Сырым Исабаев үлкен сахнаға қайта шығып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/syrym__isabaev/

Өнер иесі мектеп бітірушілердің 20 жылдық мерейтойында төбе көрсетті. 

“Өзімнің әнші екенімді ұмытайын деппін. Бар болайық. Осындай видеолар кеп тұрады”, – деп жазды әнші. 



Сүйікті әншілері сахнаға қайта оралғанына қуанып жатқан тыңдарман қауым жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

“Ерекше әнші ғой. Аман болыңыз, бар болыңыз", “Сырымды көру үшін Қайрат Нұртастың концертіне баратын едік”, “2006 жылы хит болған әніңіз еді”, "Жоғалып кете бермей, осылай өнер көрсетіп тұрсаңызшы", "Сахнаға қайтадан жарқ ете қалғаныңызды күтіп жүрміз", "Сахнаға оралыңыз, аға. Сіздің әндеріңізді сағындық", "Қайда жүрсіз? Қайда болдыңыз? Ағасы қоңыр дауысыңызды тыңдап өстік. Сағындық" деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, танымал сазгер Бауыржан Есебаев Сырымның денсаулығы сыр беріп, дінге бет бұрып жүргенін айтқан еді. 

 

Талқылау