Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыпырғыш, оқтаумен ұратын": Досымжан Таңатаров балалық шағын есіне алды

ҚР еңбек сіңірген әртісі Досымжан Таңатаров балалық шағын есіне алып, қандай ата-анадан тәрбие алғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dossymzhan_tanatarov/

Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында сұхбат беріп, алғаш өнер жолына түскенін баяндады. 

“Біздің заманымызда ата-ананың беделі үлкен мәнге ие еді. Баяғыда әкелерімізді құрметтеуді, анамыздан көретінбіз. Бізді қорқытса да, әкемізді айтатын. Бірақ менің әкем еш уақытта зекіп, ұрсып-ұрған емес. Бірақ оның қасында анамнан таяқтың көкесін жедік. Сыпырғышпен ұрып, оқтаумен сабайтын. Қуып жүріп ұратын. Анамның қатал тәрбиесін көрдік. Сонда "әкең келеді" деп қорқытатын", – дейді әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі әкесінің болмысын айтып, балаларын ешқашан еркелетпегенін жеткізді. 

"Әкем біртоға кісі болды. Ол кісі маңдайымнан сүйген емес. Мен 2000 жылы Астанаға жұмысқа кетіп қалдым, жарты жылдай жүрдім. Сосын ауылға келгенде, әкем маңдайымнан сүйді. Оны көргенде іштей қуанып қалдым. Өйткені үш баласы мен үш қызы қасында болды, алыстан келген тек менмін. Өзім сағынып келсем де, мұндай әрекет күтпедім. Маңдайымнан сүйгенде жүрегім елжіреп кетті. Ол жыласаң да ұрсады, "неге жылап жатырсың?" дейді. Иә, қатігез болып көрінген шығар, бірақ сонысымен әке", – деді Досымжан Таңатаров. 

Еске салайық, "Әкеміз тәрбиемізбен айналысқан жоқ" деп Досымжан Таңатаровтың қызы алғаш рет сұхбат берген еді. 

Талқылау