Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыннан қорқудың қажеті жоқ": Мәселесі көп саланы тізгіндеген Ақмарал Әлназарова нені өзгертуге ниетті?

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сенатор кезінде министрлікті бірнеше рет сынға алған еді. Журналистер министрден проблемасы көп саланы басқару кезінде сын көп болатынын айтып, оған көзқарасы қандай екенін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


"Сыннан қорқудың қажеті жоқ. Біз керісінше сұрақ туындатқан жайттарды жинақтаймыз. Халықтан неге көңілі толмайтынын сұраймыз. Сынға жақсы қараймын", – деді ол.

Су жаңа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова нені өзгертуге ниетті?

"Елімізде транспонтология саласында өзекті проблемалар бар. Әсіресе, ағза донорлығы тапшылығы. 4000-ға жуық науқас ағза донорлығы кезегінде күтіп отыр. Ағза донорлығы қажет масштабқа жетпей отыр. Екінші мәселе – алғашқы медициналық көмек көрсету. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, алғашқы көмек көрсету саласы мықты болған сайын аурулар азаяды. Оған қоса ауылдардағы дансаулық сақтауды дамыту проблемасы бар. Оған қатысты министрлікке орынды сын айтылған еді. Анализ жасауға тырыстық. Бүгін ревизия жасаймыз. Қаржыны тиімсіз жұмсау жағын тексереміз", – деді ол.

Бұған дейін жаңа денсаулық сақтау министрінің МӘМС жүйесін реттеуге уәде бергенін жазған едік.

Талқылау