Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синдзо Абэнің партиясы оның өлімінен екі күн өткен соң жеңіске жетті

Жапониялықтар 10 шілдеде сенат сайлауында басқарушы коалицияға дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синдзо

NHK қоғамдық телерадиокомпаниясының болжамына сәйкес, Абэнің Либералдық-демократиялық партиясы мен оның орталық-оңшыл одақтасы Комейто партиясы 125 орынның 83-іне дейін ие болуы мүмкін. Belga ақпарат агенттігі сенатта барлығы 248 орынның барын, оның жартысы үш жыл сайын жаңартылатынын жазды. Дауыс беру учаскелерінің жабылуына екі сағат қалғанда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 27,38 пайыз болған, бұл бұрынғы сенаторлық сайлаудан сәл жоғары.

Жапонияның қазіргі премьер-министрі Фумио Кисида өзінің бұрынғы тәлімгері Синдзо Абэге жасалған шабуылды айыптап, "демократияның негізі саналатын еркін және әділ сайлауды қорғаудың" маңыздылығын талап еткен.

"Біз ешқашан зорлық-зомбылыққа бой алдырмаймыз", – деді ол.

Архипелагтың батысындағы Нара қаласында Жапонияның танымал саясаткерлерінің бірі Абэге қастандық жасалуы елді және әлем жұртшылығын дүр сілкіндірген еді. Бұрынғы премьер-министрге жасалған шабуыл туралы хабардан кейін түрлі партиялар өз қызметін қысқа уақытқа тоқтатқан. Ал сенбіде сайлау науқан күшейтілген қауіпсіздік шапаларымен жалғасты.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге Нара қаласында сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз біреу оқ атқаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау