Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыммен тұншықтырып өлтіріп, кейін өзі асылып қалды деген": Сот Қостанайда әйелін өлтірген полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгертті

Қостанайда әйелін ұзартқыш сыммен тұншықтырып өлтіріп, кейін оны өзі асылып қалды деп көрсеткен полиция қызметкеріне қатысты апелляциялық шағым қаралды. Сот 9 жылға қамалған қызметкерге қатысты үкімді өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Cот

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстық кодекстің 99-бабынын 1бөлігі (қасақана кісі өлтіру) бойынша полиция басқармасының бұрынғы патрульдік инспекторіне қатысты жәбірленуші берген апелляциялық шағымды қарады.

Деректерге сүйенсек, Т. жұбайымен болған жанжал барысында, оны ұзартқыш сыммен тұншықтырып өлтіргенін. Әрі қарай, жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол мәйітті гаражға апарып, сол жерде асылып өзін-өзі өлтірді деген.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің өлімі мойынның қысылуына байланысты механикалық асфиксия салдарынан болған.



“Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық сотының үкімімен Т. өзінің жұбайын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың Т-нің әйелін өлтіруге кінәлі деген қорытындыларымен келісіп, бірақ тағайындалған жаза бөлігінде сот үкімін өзгертті.

Сотталғанның Т-ның жеке басын оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, ескере отырып Т, алқасы сот тағайындаған жазасын 9 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Осылайша жәбірленушінің апелляциялық шағымын ішінара қанағаттандырды”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Қостанайда әйелін өлтірген полицейге үкім шығып 9 жылға сотталған болатын. 

Талқылау