Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ: Апатқа ұшыраған украиналық ұшақта қазақстандық жолаушылар жоқ

Апатқа ұшыраған украиналық ұшақта қайтыс болған жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СІМ: Апатқа ұшыраған украиналық ұшақта қазақстандық жолаушылар жоқ

"Иран СІМ-нің Қазақстан Республикасының Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина авиакомпаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен бірге, қазақстандық консул консулдық мекемеде тіркелген Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын шақырады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген.

Ұшақ тегерандық Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында құлады. Қазіргі уақытта құтқарушылар шамамен екі гектар аумақта адамдардың денелерін сот-медициналық сарапшыларға тапсыру үшін жинауда. Құобан болғандардың денелерін анықтау қиынға соғады.

Соңғы ақпарат бойынша, бортта болған жолаушылардың бәрі қайтыс болды. Өз кезегінде елдің Азаматтық авиация ұйымының өкілі Реза Джафарзад ұшақ құлағаннан кейін өрт шыққанын айтты.

Талқылау