Сілекейдің жараны емдейтіні расталды
Жараға адам сілекейін жақса, ол тез жазылады. Халқымыздың бұл нанымы ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Америкалық эксперименталды биология қауымдастығы федерациясының The FASEB журналында жарық көрген ғылыми мақала осылай дейді.

Бұған дейін де ғылымда сілекейдің жараны жазатыны айтылып жүрді. Алайда нақты процессті ешкім түсіндіріп бере алмайтын.
Чили университетінің ғалымдары жүргізген ғылыми жұмысқа сүйсенсек, сілекейдің құрамында болатын пептид 1-хистатиннің атқаратын рөлі ерекше. Ол ангиогенезге – яғни, жаңа қан жүгіретін түтікшенің түзілуіне ықпал етеді екен.
Жіберіп алмаңыз:
Маман: “Фервексті” алсаңыз, жылтыр орам мен жарнамаға ақша төлейсіз
Ғалымдар шошқаның ағза мүшелерін адамға ауыстыра бастады
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?