Экс-министр Бағдат Мусинге қатысты іс қозғалғаны рас па – Антикор жауап берді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қарсы қылмыстық істің жоқ екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото министрліктің ресми сайтынан
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Агенттік бұған дейін тараған ақпаратты растамады.
"Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінің қарауында бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусинге қатысты қаралып жатқан іс жоқ", – деді ведомство.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған