Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысы өзіне көмекші тағайындады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов көмекшісі мен ерекше тапсырмалар жөніндегі офицерді тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет серіктестік департаментінің директоры Перизат Сәдуақасқа мәлім етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі офицері болып Арман Хасенов тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі болып Шыңғыс Алекешев тағайындалды.
"Аталған қызметкерлердің прокуратура органдарында, қаржы полициясында және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар", - деп атап өтті ведомствода.
Еске салайық, Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы болып 16 сәуірде тағайындалды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"