Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келесі аптада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: az.sputniknews.ru
Ақорданың хабарлауынша, сапар 2024 жылы 2-4 шілдеде болады. Қытай басшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі шақырды.
Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. ШЫҰ саммиті 3-4 шілдеде елордада өтеді.
Сондай-ақ осы уақытта БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 7 жылда алғаш рет Қазақстанға келеді.
Айта кетейік, ШЫҰ — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйымы. Ұйым 2001 жылы Шанхайда құрылған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі