Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Си Цзиньпин АҚШ пен Қытай қақтығысса ауыр зардап болатынын ескертті

Си Цзиньпин Сан-Францискода Джо Байденмен кездесуінде Қытай мен АҚШ-тың бір-бірінен бас тартуға құқығы жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC хабарлайды.

Оның айтуынша, Бейжің мен Вашингтонның қарым-қатынасы соңғы жарты ғасырда керемет болмаған. Алайда екі ел де түрлі өзгерістермен талаптармен алға жылжуды жалғастырған.

"Бір тараптың екіншісін түзеуі мүмкін емес.  Ал қақтығыстар мен текетірес екі тарап үшін де ауыр зардаптарға әкеледі. Жалпы әлем екі елге де табысқа жету үшін жеткілікті", - деді Си Циньпин.

Бұл Си Цзиньпиннің АҚШ-қа соңғы алты жылдағы алғашқы сапары. Қытай басшысы Джо Байденмен кездесуден бөлек, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының жыл сайынғы саммитіне қатысады.

Байден бұған дейін Си Цзиньпинмен келіссөздерінің мақсаты шиеленіс кезеңінен кейін Қытаймен қарым-қатынасты жақсарту болатынын айтқан. Ол екі держава арасындағы байланысты жақсартпақ. Соның ішінде әскери байланыстарды қалпына келтіруге ұмтылатынын айтты.

Талқылау