Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттіктер тәртіп бұзған «дөкейдің» алдында жорғалаған полицейді түсіріп алды (видео)

Шымкентте жол  полициясы қызметкерлері арнайы рейд ұйымдастырып,  көлігін тас жолдың жиегіне заңсыз қойып кеткен  жүргізушілерді жауапқа тартпақшы болды. Жоспарлары жүзеге аспай қалды ма әлде келісімге келді ме тәртіп сақшылары заңды бұзған жүргізушіні көргенде, оның көлігіне тиіскендеріне өкініп қалғандай болды,-деп жазды Stan.kz.

полиция

Жол ережесіне бағынбаған жүргізуші  қаладағы дөкей немесе тәртіп сақшыларының әріптесі  немесе бастығы болып шыққан сияқты.Себебі, эвакуаторға артылған көліктің иесі келіп, тәртіп сақшыларымен аз уақыт сөйлесіп еді, барлығы өзгере кетті.

Жол патрульдік полициясының қызметкерлері жолдың шетінде тұрған көлікке тиіскендеріне өкініп қалған сыңайлы. Олқылықтың орнын жабу үшін көлікті орнына дереу қоюға барлығы жабыла кірісті.


Ал болған жағдайды қала тұрғындары бақылап тұрса керек, телефонға түсіріп алған. Әрі олардың сөздерінен  «дөкей» мен жол полициясының әрекеттерін анық түсінуге болады.

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық ескі көліктен ауыл шаруашылығына жарамды «Джип» жасап алды (фото)

Қызылорда ыстығына шыдамаған алматылық қыз беташарда есінен танып құлады

Таразда «рентген әйел» дәрігер қайтарған науқастарды емдеп жүр (фото,видео)

Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)

Қазаққа тұрмысқа шығып, мұсылман дінін қабылдаған Полина «супер келін» атанып жүр (фото)

Талқылау