Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік 8 жасар қыз кішкентай ауру балаға көмектесу үшін бұрымын кесіп сатпақ

Шымкентте өткен қайырымдылық концертінде 8 жасар Виола Баланды құтқару үшін миллион теңгеден астам қаражат жиналды. Виола сирек кездесетін жүрек ақауы ауруына шалдыққан.

20161018102642

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

Операция және ем-дом үшін оған 108 630 евро қажет. Қайырымдылық концертінің басты ұйымдастырушысы “7 континент” би ұжымының басшылығы. Екі апта ішінде олар концерттік бағдарлама мен жәрмеңке ұйымдастырды.

8 жасар Диана Мамитова Виолаға көмектесу үшін бұрымын кесіп, сатпақ.

“Мен бұрымымды кескім келеді. Сосын оны сатуға шығарамын. Мұны Виолаға көмектесу үшін істеймін”, – дейді ол.

Шараға қаладағы би ұжымдары, өнер мектебінің тәрбиеленушілері, “Атлас” ансамблі, басқа да өнерлі топтар қатысты.

Қазір Виола мен оның анасы Астанада ауруханада жатыр. Еліміздің ең үздік деген дәрігерлері бір аптадан бері оны Германияға алып кетуге дайындап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Артық бөкседен арылтуға арналған жаттығулар (видео)

Лимонмен үй жағдайында 7 ауру түрінен емделуге болады

Қорылдаудан қалай арылуға болады?

Кір жууға арналған пайдалы 10 кеңес

Талқылау