Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жолаушыларға таласқан автобус жүргізушілері төбелесті (видео)

Шымкентте Жангелдин көшесінің бойынша Green bus компаниясының жүргізушілері тура жол бойында төбелесті.

7779

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Төбелесті жолаушылар ұялы телефондарына түсіріп алған. Көше бойындағы “жекпе-жек” бірнеше минутқа созылған. Жүргіншілер оларды ажыратуға тырысқанымен, екеуі де ешкімге назар аудармайды. Төбелесті ақырында кондукторлардың бірі тоқтатты.

Green bus компаниясы жанжалдан соң көлік жүргізушілерінің тұраққа келіп, болған жағдайды түсіндіргенін хабарлады. Жүргізушілердің бірі әріптесін жолаушыларымды алып кеттің деп кінәлаған. Дау төбелеске дейін ұласқан.

“Екі жүргізуші де жұмыстан шығарылды”, – деді компания директорының орынбасары Әбдібек Үкібаев. Ал полиция “бұзақылық” бабы бойынша тексерісті бастап кетіпті.

Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер кездеседі. 

Оқи отырыңыз:

Бұрынғы білім вице-министріне қатысты сот үкімі шықты

Атыраудан шыққан фотомодель фермерлікпен айналысуда

Қызының алқызыл түске әуестігін байқаған фотограф түстер сырын зерттеп көрді

ОҚО тұрғыны 23 жылдан соң тапқан немересін жақын досының қызына үйлендірді

Талқылау