Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы білім вице-министріне қатысты сот үкімі шықты

Сот бюджеттік қаражатты ұрлауда кінәлі деп танылған ҚР білім және ғылым экс-вице-министрі Саят Шаяхметов жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

2151311

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Іс Астананың  №2 Алматы аудандық сотында қаралды.  Шаяхметовке ҚР Қылмыстық кодексінің  “Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иелену және талан-таражға салу бойынша айып тағылған”.

Сонымен қатар Шаяхметовпен бірге “ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы” ЖШС бас директоры Алекандр Пак ұсталған. “Сот Шаяхметов Саят Болатұлына ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын”, — деді судья Айжан Құлбаева.

Алекандр Пак ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы, 4-бөлігі, б тармағы “Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иелену және талан-таражға салу бойынша айып тағылған”, ҚР ҚК-нің 177-бабы 4-бөлімі “б”тармағы (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Оған мүлкі тәркілеумен жеті жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаларын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Тағы да оқыңыз:

Атыраудан шыққан фотомодель фермерлікпен айналысуда

Қызының алқызыл түске әуестігін байқаған фотограф түстер сырын зерттеп көрді

ОҚО тұрғыны 23 жылдан соң тапқан немересін жақын досының қызына үйлендірді

Талқылау