Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте адам қағып қашып кеткен көлік жүргізушісі оқиға орынына қайта оралған

Шымкентте 19 жастағы қызды қаққан BMW автокөлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші оқиға орынынан қашып кеткен. Алайда жігіт аздаған уақыттан соң сол жерге қайта оралған.

979385

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Жол апаты Темірлан тас жолындағы жаяу жүргіншілер жолағында кешкі уақытта болған. 22 жастағы көлік жүргізушісі бастапқыда оқиға орынын тастап кеткеніне қарамастан, қайтадан келген. Жарақат алған қыз Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілді. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Ал көпе-көрнеу ереже бұзып, адам өміріне қауіп төндірген көлік жүргізушісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кетті.

Оқи отырыңыз:

Алматыда өрттен қаза тапқан студенттер құлыпталған бөлме ішінде қалып кеткен

Теміртауда қанішер құрбанының денесін бөлшектеп, бір ай бойы қоқысқа тастап отырған

Әлі жаумаған қарды тазалаған коммуналдық көліктер қостанайлықтарға күлкі болды (видео)

Мейрамбек Беспаевтың өз туған күнінде билеген биі ғаламторды шулатты (видео)

Талқылау