Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 4 адамды қаққан 20 жастағы Астана тұрғынына іздеу жарияланды

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері 4 адамды қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жариялады. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан мәлім етті.

20160815145811

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

«1996 жылы туған, Астана қаласының тұрғыны Сүлеймен Исмаил Ереханұлы қоғам назарына ілінген жол-көлік оқиғасын жасаған күдікті ретінде танылуда. Шымкеттегі Іляев көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысында жұмысшыларды қағып кеткен BMW автокөлігінің тізгінінде сол отырған деген болжам бар. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Егер Сіздерде күдікті тұлғаның мекенжайы туралы кез келген ақпарат болса, полицияға мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7-701-482-99-79, +7-7252-53-52-52 жəне 102» дейді Данияр Мейірхан.

Еске салайық, бұл оқиға 13 тамыз күні  болған. Жол жөндеп жатқан адамдарды көлік қағып кетеді. Соның салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болса, тағы үшеуі ауыр халде ауруханада жатыр. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Көліктің жүк салғышынан оқтары бар тапанша табылды.

Іздеуде жүрген жас жігіттің Шымкент тумасы екені, шетелде тұрғаны, қазір мекен-жайы Астанада тіркелгені анық болды.

Жіберіп алмаңыз:

Бақтияр Жаманғараевты іздеуге 200-ден астам ерікті атсалысуда

Жол полициясы өмірін қатерге тіге отырып, іздеудегі  күдіктіні ұстаған (фото)

Оралда жол апатына кінәлі жүргізуші жолаушы қайтыс болған соң қашып кеткен

Талқылау