Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әуежайы тұманды ауа-райына байланысты жабылды

Шымкент әуежайында рейстер ауа-райының тұман болуына байланысты тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Facebook-те хабарлады.


Аспанды қалың тұман басқандықтан әуежай 16.00-ден бастап жабық.
«15 желтоқсанда Шымкент әуежайынан 14 рейс (ұшып келу / келу) тоқтатылып, 15 рейс (ұшып келу / келу) кешіктірілді. Әуежай рейстердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес жабық. Тараз әуежайына SCAT компаниясы рейстері ішінара орындалады, жолаушылар Таразға автобуспен тасымалданады», – делінген хабарламада.
Болжам бойынша, 16 желтоқсанда сағат 11: 00-де 1200 метр көлденең аумақта тұман басылады.

Ұшу туралы толық ақпарат авиабилеттердің байланыс орталығынан білуге болады.

Талқылау