"Сұлулық ханшайымын" күйеуі өлтіріп, денесін блендермен ұсақтаған
Швейцарияда сұлулық байқауының финалисі 38 жастағы Кристина Йоксимович айуандықпен өлтірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: New York Post
13 ақпанда Кристина мерт болды. Оның денесінің бөліктері Базель қаласында табылды. Сөйтсе оны 41 жастағы күйеуі Томас өлтірген екен. Жұптың екі қызы бар.
Психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген. Ұсталып қалмас үшін ол мәйітті ұсақ бөліктерге бөліп, кейбір бөліктерін блендермен ұсақтап, содан кейін химиялық затпен еріткен.
Ер адам полицияға әйелі оған пышақпен шабуылдағандықтан, өзін қорғау үшін өлтірдім деп ақталды, бірақ сараптама бұл нұсқаны жоққа шығарды. Сотта Томас суыққанды және эмпатияға қабілетсіз адам деп сипатталды.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған