Швед полициясы қарсылық акциясын өткізіп, Құранды өртейміз дегендерге рұқсат бермеді
Швецияда аты-жөнін атамай, өзін мәдени бірлестіктегі жеке тұлғамын деп таныстырған адам құзырлы органдардан Құранды өртеп, қарсылық акциясын өткізуге рұқсат сұраған. Стокгольм полициясы бұл ұсыныстан бас тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі SVT басылымына сілтеме жасап.

Полиция өкілі Ола Эстерлинг телеарнаға берген сұхбатында шеру өткізу қала көшелеріндегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке кепілдік бере алмайтынын айтты. Сол себепті құқық қорғау органдары Швецияның қоғамдық қауіпсіздік қызметімен (SEPO) бірлесіп, бас тарту туралы шешім қабылдады.
Қаңтардың 21-і күні даниялық әсіре оңшыл "Hard Deal" партиясының жетекшісі Расмус Палудан Түркия елшілігінің алдында Құран кітабын өртеп жіберген. Осыдан кейін Түркия Швеция Қорғаныс министрінің сапарын тоқтатқан еді.
Швеция үкіметі мен елдің Сыртқы істер министрлігі осы жағдайдан соң Палуданның әрекетін айыптады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар