Щучинскте 10 жастағы баланың басына темір қадалып қалған (видео)
Шучинскте он жастағы бала ауруханаға басына қадалып тұрған темірмен жеткізілген. Анасының сөзінше, бала футбол ойнап жүріп дәл темірдің үстіне құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер тобы жедел түрде ота жасап, темірді алып шықты.
"Анасының сөзінше, бала футбол алаңында ойнап жүрген. Сол кезде алаңның жақтауынан шығып тұрған темірге басымен қадалған. Көмек берушілер темірді түбінен кесіп, баланы ауруханаға алып келген. Ол ауруханаға жеткізілгенде есін біледі. Дәрігерлер баланың миына компьютерлік томография жасап, негізгі мүшелерге зақым келмегенін анықтады. Дәрігерлер темірді алып шықты", – дейді медициналық мекеменің басшысы Сабыржан Сабырәлиев.
Дәрігерлердің сөзінше, баланың көзі мен тамырларына, миына зақым келмеген. Бала қазір хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жансақтау бөліменен жалпы палатаға ауыстырылды.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті