Шпагашыларымыз Франциядағы әлем кубогіне қатысады
Шпагамен семсерлесуден Франциядағы әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
17-19 мамыр күндері Францияның Сен-Мор қаласында шпагамен семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогі кезеңі өтеді. Әлемнің ең үздік спортшылары сынға түсетін додаға Қазақстан құрамасының да үздіктері қатысады. Спортшыларды кеңесші-бапкер Ференц Тот пен мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов бастап апарады. Франция төрінде ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың тізімін ұсынамыз:
Руслан Курбанов
Эльмир Алимжанов
Ерлік Сертай
Вадим Шарлаимов
Кирилл Павлов
Никита Жулинский
Александр Федотов
Айта кетейк, бұған дейін отандық шпагашылар Колумбияның Кали қаласында өткен Гран-при турниріне қатысқан еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған

