"Шөпшектің қолынан май жалағым келеді": Ләйлә Сұлтанқызы 100 жасқа жетудің құпиясын бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы ұзақ жасаудың құпиясын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ өкілі күн сайын әдетке айналдыру керек 15 әдетті бөлісті.
“Шөпшегімнің қолынан май жаласам деймін, бұйыртса! Сіз де осы 15 әрекетті әдетке айналдырсаңыз, геронтологтардың айтуынша, 120 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік бар дейді. Түртіп алыңыз, бөлісуді ұмытпаңыз!”, – деп елді қызықтырып қойды.
Журналистің сөзінше, ұзақ жасау тек денсаулықты күтуден ғана тұрмайтын көрінеді.
“Денсаулығым – бірінші орында. Уақытымен ұйықтаймын. Кіріс пен шығысты қадағалаймын. Мәселе ақшада емес. Ішкі тыныштық пен қауіпсіздік те маңызды. Алакоголь мен темекіден бас тарту. Зиянын бәрін білеміз. Таңдау – әркімнің өз еркінде. Жарты жыл сайын тексеруден өтемін. Керек витаминдерді қабылдаймын”, – деді журналист.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар