Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шоппинг үшін бардық": Ерке Есмахан Парижден алған бренд заттарын көрсетті

Танымал әнші Ерке Есмахан жолдасы Райммен екі апталық демалыстан оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иелері Париж қаласында демалды. Балаларының бірі Англияға кетсе, екіншісі ауылға әте-әжесіне барған. 

“Бәрі ниетке байланысты дегенді көп естисіздер. Сондағы ниет сенім ғой. Өмірдегі әр нәтиже сіздің бір кездегі сеніміңіз. Дәл осылай Париждің төрінде сүйіктіңізбен ас ішіп, әңгімелесіп отыратыныңызға күмән болмасын. Алла бұйыртсын”, – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ шетелге не үшін барғанын да түсіндіріп, бүкпесіз баяндап берді. 

“Парижге ғажайыпты көзбен көру үшін және шексіз шоппинг жасауға бардық. Қазір елге келіп жатырмыз. Аман-есен жеттік. Бүкіл сатып алған заттарымызды көрсетемін. ЕЕ деген арнайы жаздырып, опа-далап сатып алдым. Ондайды бұрын-соңды қолданбаппын. Үйге хош иіс беріп тұратын әтірлерді көбірек алдық. Енді үйден Париждің иісі шығып тұрады”, – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, Ерке Есмахан тағы бір сәбилі болуға қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау