AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шоқан Маратұлы: Коронавирустың бар екенін ешкім дәлелдеген жоқ

Әнші, қоғам белсендісі Шоқан Маратұлы коронавирустың бар екеніне күмән келтірді. Айтуынша, вирустың физикалық тұрғыда бар екенін ешкім дәлелдей алған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші коронавирусқа, вакцинаға қатысты қарсы ойын ашық түрде айтып келеді. Осы ретте Шоқан оқырмандарының аталған тақырыпқа қатысты сауалдарына жауап берді. 

Отбасылы өнер иесі "Ашық" жүйесіне мән бермейтінін айтады. Алайда солай екен деп балаларымен үйде тығылып отырмайды. 

"Қорқудың қажеті жоқ. Барлық нәрседе баланс болуы керек. Үйде де вирустан тығыла алмайсың. Тек абай болыңыздар. Қауіпті бірдеңе байқасаңыздар, әрекет етіңіздер", – дейді Шоқан. 



Шоқан Маратұлы коронавирустың бар екеніне сенбейді. Себебі: 

"1,5 жыл бұрын вирус жоқ деп айтатын едім. Ал бүгін ше? Бүгін бұл вирустың физикалық тұрғыда бар екенін ешкім дәлелдеген жоқ, көрсете алған жоқ", – дейді ол.

– “Ендеше қазір болып жатқан не нәрсе?”, – деген сауалға Шоқан: 

"Қазір ескі әлеуметтік-экономикалық жүйені бұзып, оның қалдықтарынан жаңа жүйені құру үрдісі жүріп жатыр. Ол туралы Клаус Швабтың немесе басқа да әйгілі адамдардың кітаптарынан оқи аласыздар", – деп жауап берді. 

Маратұлының пайымынша, жоғарғы жақ қарсыласады деп күтудің қажеті жоқ. 

"Біз, төменгі тап, өзіміз қарсы шығуымыз керек", – дегенді алға тартты ол. 

Әнші өз еркімен вакцина салдырып жүрген топқа қатысты ойын айтты. 

"Оларды ақылсыз деп айтуға келмейді. Олар, керісінше, екпе салдырғысы келмейтіндерді ақымақ деп ойлайды. Олар тек белгілі бір ақпарат көзіне сеніп үйреніп қалған адамдар", – дейді Шоқан.
  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр