ШҚО-да автобус өртенді: Жолаушылар өрттен қалай аман қалғандарын айтты
Шығыс Қазақстан облысында автобус отқа оранды. Күре жолда тоқтап қалып өртенген қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Автобус Аягөзден Семейге бет алған екен. Көліктен орта жолда ақау шығып, бұзылып қалған. Сондықтан оның жүргізушілері жолаушыларды қосымша автобус шақыртып, соған салып жіберіпті. Ал өрт жөндеп жатқан кезде тұтанған.
Куәгерлердің айтуынша, қозғалтқышынан бастау алған қызыл жалын бір минутта түгел шарпып үлгерген. Соның салдарынан, өрт сөндірушілер жеткенше автобустың құр қанқасы қалған. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Айта кетейік, бұл көліктің пайдалануға берілгеніне 30 жылдай уақыт болыпты.
Тағы оқыңыз:
Қауіпті флешмоб жасөспірімдер арасында тарап кетті
Facebook-те тікелей эфирде отырған жігітті құрбысы тапаншамен атты (видео)
Күйеуінен жасырын түрде құмар ойнаған әйел 5 миллион долларға ұтылып, отбасын тақырға отырғызды
"Танысым да, жұмысым да болған жоқ": Катарда 300-ге жуық маманды басқарып отырған қазақ жетістікке қалай жеткенін айтты
Сонымен қатар ол бөлшек сақтандыру бизнесінің вице-президенті
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн