Соңғы жаңалықтар

Facebook-те тікелей эфирде отырған жігітті құрбысы тапаншамен атты (видео)

Facebook-тің тікелей эфирінде отырған Девин Холмсты құрбысы абайсызда атып алды. Оқ жігіттің басына тиіп, жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, Crimeola.com-ға сілтеме жасап.

Оқиға 31 наурызда көліктің ішінде болды. Көліктің жүргізушісі Девин Холмс достарымен Техастағы жанармай құю бекетінде отырды. Олар  Facebook Live қосымшасы арқылы тікелей эфирге кірді. Кейін нағыз тапаншамен ойнай бастады.

Тапаншаны соңғы рет жолаушы орындығында отырған қыз алды. Оған Холмас наразылық білдіріп, тапаншаны өзіне тарта бастайды. Бірақ қыз, оның қолынан жұлып алып, ойнаған болып Холмосқа бағыттайды. Сөйтіп, қыз абайсызда шүрікпені басып қалды.

Оқ Холмостың басына тиіп, бірден қан ағып жатты. Қыз есінен танып қалады.

Артқы орындықта отырған досы Холмосқа қарамастан, көліктен шығып, дереу жедел жәрдем шақырған. Жігіт қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Журналистердің айтуынша, полицейлер достарын тергей бастады.

Тағы оқыңыз:

Күйеуінен жасырын түрде құмар ойнаған әйел 5 миллион долларға ұтылып, отбасын тақырға отырғызды

Иіссу ұрламақ болған жігіттің маңдайына күзетшілер “мен ұрымын” жазып берген (видео)

Саңырау әрі мылқау баласын 10 жыл бойы шынжырлап қойған ана: Менің басқа амалым болмады

13,9 миллион доллар ұрлаған кәсіпкер бүкіл ақшасына 96 үй мен сәнді көліктер сатып алған

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр