Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйде баламен отырған қазақстандық әйел өзін қамтамасыз ету үшін күйеуінен сот арқылы алимент талап еткен

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында әйел өз күйеуін сотқа берді. Ол жұмыс істемей, баламен отырады, ал күйеуі оған мүлдем ақша бермейді екен. Сол себепті ол алимент талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 147-бабына сәйкес, ерлі-зайыпты бір-бірін материалдық жағынан қамтамасыз етуге міндетті. Егер қамтамасыз етпесе, жүкті және 3 жасқа дейінгі баласы бар әйел жұмыс істейтін ерінен алимент сұрауға құқылы.

Ер адам сотта әйеліне алимент төлеуге қарсы екенін айтты. Ол  баласы үшін алимент төлейтінін және одан бас тартпайтынын айтты. Ал қалған ақшасы қарыздарын жабуға кететінін жеткізді. Сөзінше, әйелі сатып алған тұрмыстық техника несиеге алынған.

Сотта татуластыру рәсімдері жүргізіліп, тараптар бітімгерлік келісімге келді. Күйеуі әйеліне баласы үш жасқа толғанша алимент төлеуге келіскен. Ол әйеліне ай сайын 17 АЕК (62 764 теңге) беруге тиіс.

Азаматтық іс тоқтатылды. Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау