ШҚО-да тұрғын сақинасын шешу үшін құтқарушы шақырған
Шығыс Қазақстан облысында 21 жастағы келіншек саусағынан неке жүзігін шешу үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құтқарушылардың айтуынша, тұрғынның саусағы қатты ісініп, сақинаны өз бетімен шеше алмаған.
"Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы "қысқаш" қолданып, кәсіби түрде әшекейді шығаруға көмектесті", – делінген хабарламада.
Құтқырушылар азаматтарға мұндай жағдайларда үрейленбеуге немесе оқыс қозғалыс жасамауға кеңес берді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі