"Аспаннан коронавирус жауды": ШҚО-да жауған бұршақ тұрғындарды таңғалдырды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Алтай аймағында “коронавирус” пішініндегі бұршақ жауды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар коронавирус пішініне ұқсас бұршақ жауғанын көріп таңғалған.
Қолайсыз ауа райы салдарынан аймақта электр сымдары үзіліп, көптеген ағаштар құлап, үш үйдің шатырына зақым келген. Оған қоса, Өскемен қаласын су басып, көшелер өзенге айналған.
10 коммуналдық бригада суды сорып, арнайы құдықтарды қолмен тазартқан. Алайда аймақта алдағы күндері тағы дауылды ескерту жарияланды.
“Жаңбыр әлі де жаууы мүмкін. Сондықтан қазір кәріздер тексеріліп, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – дейді Өскемен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды
Дауыс жинаған жандардың қатарында: Мейірман Шекеев, Гүлмира Мұханқызы, Турсен Алагөзов, Темірлан Анарбеков, Ұлдана Мырзуан болды
"Сахнада сақау, сауатсыз әншілер көп": Жеңіс Ысқақова әріптестерінің деңгейін сынады
Әндерінің мазмұны жұтаң, мағынасы жоқ