Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қылмыстық топ мемлекетке 10,8 миллиард теңгеге зиян келтірген

Шығыс Қазақстан облысында жалған шот-фактура көшірмесін дайындаған қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

қылмыстық топ

"Тергеу барысында 6 адамнан құрылған топ 2014 жылдан 2018 жылға дейін облыс аумағында заңсыз қызмет еткен 30 компания құрғаны анықталды. Фирмаларда жұмысшылар штаты, жеке мүлік пен қоймалар, өндірістік-техникалық база болмаған және тіркелген мекен-жайда орналаспаған", - делінген хабарламада.

Басшылардың ешқайсысы қаржылық істермен шұғылданбаған. Фирмалардың бухгалтерлік және салық есебі мүлде болмаған. 

"Кәсіпорындар салық төлемеу үшін "Рич Ресурс" ЖШС, "Тумар ВКО" ЖШС, "Вос-Торг 1" ЖШС арнап заңсыз шот-фактура, жүкқұжат, келісімшарт жасаған. Мемлекетке келген зиян мөлшері 10,8 миллиард теңгеге тең", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сот шешімі бойынша топ мүшелері Зәкір Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Әнуаров, Арман Маданов әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айрылды. 

Талқылау