ШҚО-да із-түзсіз жоғалған Раиса Долгореваның денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған Раиса Долгореваның денесі табылды, оны іздеу жұмыстары екі аптадан астам уақытқа созылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

19 тамыз күні таңертең Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны Мирный кентіндегі үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен. Кейінірек сыртқы бақылау камералары Раисаны Карбышева көшесіндегі дәмхана аумағында Ертіске қарай бет алғанын түсіріп алған. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер қосылды, бірақ қала ішіндегі іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.
4 қыркүйек күні LIDER.KZ еріктілер тобында қыздың суға батып кеткені туралы жазба пайда болды.
"3 қыркүйекте қыздың мәйіті Ертістен табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қыздың туыстарының айтуынша, оның денесі Ұлан ауданы Донское ауылының маңынан табылған.
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады