ШҚО-да екі жаңа аудан құру ұсынылды
Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: qazaqstan3d.kz/Катонқарағай ұлттық паркі
Ақорданың мәліметінше, облыс әкімі президентке биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы мәлімет берді.
Президент тапсырмасымен Риддер жылу электр орталығында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. 6 қазандық агрегаты жөнделген. Сонымен қатар, кездесу барысында облыста жаңа екі аудан құру мәселесі де талқыланған.
“Кездесуде шекара маңынан Марқакөл және Катонқарағай атты екі жаңа аудан құру мәселесіне ерекше назар аударылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Кездесу қорытындысы бойынша президент әкімге Шығыс Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген