ШҚО-да дала өрті 700 гектарға тарап кетті
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында дала өрті 700 гектар аумаққа тарап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қыркүйекте түскі уақытта Алтай ауданында ашық алаңда өрт шыққан.
Қазіргі уақытта "Зырян" орман шаруашылығы және "Быков" орманшылығына жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 700 гектарға жеткен.
"Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпыды. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды", – делінген ақпаратта.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды