Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық туристер Қазақстандағы автомобильдің терезесін қараңғылатуға салынған тыйымды ұнатпады: Енді олар үшін шектеу алынбақ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ерлан Көшербаев үкімет отырысында Қазақстанды жеке көлігімен аралайтын Қытай азаматтары үшін арнайы виньеткалар енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

тонировка

Фото: auto-glass.od.ua

Өңір басшысының айтуынша, полиция көліктерін толық тонировкалаған туристерге айыппұл салудың қажеті жоқ деп санайды. Өйткені бұл Қытайда рұқсат етілген, бірақ Қазақстанда тыйым салынған.

2024 жыл Қытайда Қазақстанның туризм жылы болып жарияланды. Сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайда өткен форумға қатысып, өңірдің туристік мүмкіндіктерін таныстырды.

“Бұл шараның нәтижесінде Майқапшағайда тікелей шекара өткелі болғандықтан тарихта алғаш рет қытайлық туристерден тұратын ұйымдасқан топтар бізге өз көліктерімен және автокемпингпен келді”, – дейді Ерлан Көшербай. 

Осыған байланысты ол облыста автотұрақтар ұйымдастырып, автотуризм алаңдарын жабдықтауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ әкім Қытайдан Қазақстанға жеке көліктерімен келген туристерге тонировка үшін айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты.

“Шешу керек мәселе болып тұр. Қытайда автокөлікке тонировка қолдануға тыйым салынбаған. Ал біздің елде бұған рұқсат жоқ. Сондықтан біз облыстық полиция департаменті арқылы қытайлық туристерге аталған шектеуді алып тастауды қарастыру туралы ұсыныс енгіздік. Туристердің облыс аумағында болатын мерзімінде оларға айыппұл салмау жолдарын қарастырып жатырмыз. Өйткені олар бір кіргені үшін көліктерін қайта жабдықтамайды”, – дейді облыс әкімі.

Ерлан Көшербаевтың айтуынша, 2024 жыл да Шығыс Қазақстан облысында автомобиль жолдары жылы болып жарияланған. 600 шақырым жолды жөндеу жоспарланса, оның 121 шақырымы туристік орындарға апаратын жол.

Талқылау