"Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын": Париж олимпиадасының қола жүлдегері әлі ешқандай сый-құрмет көрсетілмегенін айтты
Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев елге оралғаннан кейін әлі ешқандай сый-құрметке бөлелмегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме хабарлайды.
Фото: ҰОК
Нысана көздеу спортынан Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ислам Сәтбаев жүлдесі үшін сыйлық алмағанын, елге келген соң өмірі аса өзгере қоймағанын айтты.
“Мен – әскери адаммын, Армия орталық спорт клубының қолдауы қатты сезілді. Олар дайындыққа да, құралмен жабдықтауға да көп көмек етті. Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы. Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын", - деді спортшы.
Айта кетейік, Ислам Сатпаев Александра Лемен бірге аралас жұптық сайыста Париж олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

