Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шындық үшін күресуге бел буды": Біртановтың адвокаты мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елжан Біртанов

Адвокат Дмитрий Куряченко Елжан Біртановтың соңына дейін күресетінін айтты.

"Ол шындық үшін күресуге бел буды. Біртанов өзіне әділетсіздік жасалғанын алға тартты. Ол барлығына шын жүрегінен алғыс айтып, суық қабырғалардан да адамдардың жылулығын сезінетінін айтты", - дейді Куряченко.

Дмитрий Куряченко Біртановты қамауға алу туралы шешімге шағым түскенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Сот оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді.

Ол 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. 

Елжан Біртановқа қоғам белсенділері мен дәрігерлер араша түсті

Талқылау