Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің гүл дүкеніндегі атышулы оқиға: экс-полицейдің жанында болған шенеунік қатаң сөгіс алды

Түркістан облысы Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Шымкент гүл дүкенінде болған атышулы оқиғадан кейін қатаң сөгіс алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан алынған кадр

Шымкентте гүл сатушыны ұрған бұзақының қасындағы екінші адам Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шықты. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 14 тамыздағы бұйрығымен Данияр Елқондыға "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жаза қолданылды. 

Департаментінің ресми мәлімдемесінде Елқондының қоғамда резонанс тудырып, сынға ұшыраған әрекеті этикаға сай келмейтіні және құпталмайтыны айтылған.

"Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағына сәйкес Д.Елқондыға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану мақсатында материалдар Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына жолданды. Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер азаматтармен сыпайы қарым-қатынас орнатып, дөрекілікке, ар-намысты қорлауға, әдепсіздікке жол бермеуі керек", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік ер адамның дүкеннен гүл шоғын күштеп алып, сатушыны итеріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға мамыр айында болған, бірақ видео жақында ғана жария болды. Күш көрсеткен ер адам полиция қызметінен босатылған Қаратау аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы болып шықты. 


 

Талқылау