Шымкенттік полицейлер жүргізушілерді өздеріне пара бермеуге шақырады
Пара беру заңмен қудаланады. Бұл сөзді әр полиция қызметкері айтуға тиіс. Егер инспекторы жасамаған жағдайда, батальон командирі өз жауабына алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап.

Полиция департаментінен хабарлағандай, талаптарды орындамағаны үшін қызметкерлер жұмысынан босатылуы мүмкін. Осылайша, полицейлер Шымкентте жемқорлықпен күресетін болады. Пара бергені үшін олардың да жазаланатынын ескерту керек.
Ағымдағы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 9 әрекет жасалды, екі полицей қызметкері жемқорлыққа жол бергені анықталды.
«Полиция инспекторының әр уақытта осы сөзді қолдануын қалаймыз. Рейд жүргізу арқылы осы нәрселерді қадағалайтын боламыз. Бізге тұрғындар да байланысқа шыға алады. Егер инспектор бұл сөзді жіберіп алса, қасындағы батальон командирі оны өз жуапкершілігіне алуы тиіс», – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жоба кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған