Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік әйел кішкентай баласын 1 млн теңгеге сатпақ болды

Шымкент қаласында 27 жастағы тұрғын кішкентай баласын 1 млн теңгеге сатпақ болған кезінде ұсталды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы полиция департаменті есіртке бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерін жедел іс-шарасын жүргізді. Оның барысында 1993 жылы туылған Назгуль Есенова өзінің кәмелет жасына толмаған баласын 1 000 000 теңгеге жергілікті тұрғындарға сатып жатқан кезінде ұсталып, полицияға жеткізілген.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында, аталған азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекеті үшін өкінді.

"Күдіктіге "үйқамақ" түріндегі бұлтаратпау шарасы қолданылып, ағымдағы жылдың 20 наурызында аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды. 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған аудан аралық сотымен аталған азаматша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды", - деді Шымкент қаласының полиция департаментінде.

Талқылау