Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте зейнеткерді зорлау әрекеті: Дәрігерлер әйелдің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Шымкенттегі көпқабатты үйдің кіреберісінде зорлау әрекеті кезінде зардап шеккен әйелдің денсаулық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен адамды бірінші қалалық клиникалық ауруханаға апарғанын мәлімдеді.

Пациенттің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық екені атап өтілді.

"Онда 1950 жылы туған азаматшаға қажетті медициналық көмек көрсетті. Әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Оны үйде учаскелік дәрігер бақылайды. Әйелдің денсаулығы нашарлаған жағдайда дәрігерлер мен психологтар оған шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын", - деді ведомствода.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның кіреберісте әйелге шабуыл жасағаны туралы видео тараған еді.

Кейінірек полиция 2020 жылдың 17 желтоқсанында сағат 23:15-те "102" пультіне әйелге көмек керек деген шақыру түскенін хабарлады. Белгісіз біреу үйдің кіреберісінде әйелді зорлауға тырысқаны белгілі болды.

Сол күні Қылмыстық кодекстің 120-бабы "зорлау әрекеті" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты, бірнеше рет сотталған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр